Әлемде ноутбукке деген сұраныс азаюда
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Digitimes Research сайты сарапшыларының айтуынша, ноутбук шығарумен айналысатын әлемдік ірі бес компанияның (арасында Apple жоқ) тауар сатылымы былтырмен салыстырғанда 10 пайыздай төмендеген.
Аналитиктердің айтуынша, пандемия кезінде электроника мен компьютерге деген сұраныс біршама артқаны белгілі. Одан бөлек, майнинг дүрбелеңі де мықты, қуатты компьютерге деген сұранысты арттырды. Ал қазір пандемия аяқталды. Соған орай сұраныс та төмендеген көрінеді.
Одан бөлек, қазір әлемде электронды компоненттер жетіспей жатыр. Содан фабрикаларда жаңа модельдерді құрастыру жұмыстары тоқтап тұр.
Ұқсас жаңалықтар