Жеке куәліктің мерзімі аяқталуға жақындаса не істеу керек
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Куәлікті алдын ала ауыстырған дұрыс, себебі мерзімі өткен құжатпен 1 айдан аса жүру әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады.
Жеке куәлікті тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚО-да ауыстыруға болады. Онда тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет.
Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады.
Қалауыңыз бойынша қосымша ақы төлеп, куәлікті дайындау мерзімін бір күннен бес жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады.
Паспорт ерікті құжат болып табылады, сондықтан оның мерзімі өтіп кетсе айыппұл салынбайды. Мемлекеттік баж құны – 8 АЕК.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:59
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр