00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Apple компьютерлерінің түпнұсқалары аукционға қойылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Apple компьютерлерінің түпнұсқалары аукционға қойылды
ашық дереккөз

Бәссаудаға шығарылған жәдігердің арасында 1976 жылы Apple алғаш құрылып жатқан кезде Стив Джобс пен Стив Возняктың қол қойған 3,5 мың долларлық чегі бар. Төлем қағазы алғашқы компьютердің бөлшектерін сатып алуға рұқсат берген.

Осымен қатар компанияның негізін қалаушысы Стив Джобстың қолтаңбасы бар мектептегі суреттері де сатылымға қойылған.

Бәссаудаға шығарылып отырған коллекция бірегей. Мұнда Apple компьютерлері мен бейнеойындарының алғашқы нұсқалары қойылып отыр. Олардың басым бөлігін Силиконды алқапта жұмыс істеген адамдар берді. Оларды табу өте қиын, деді аукционды ұйымдастырушы Бобби Ливингстон.