Қазақстанда утилизациялық алым көлемі 50 пайызға төмендейді – Скляр
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Склярдың мәліметінше, елімізде утиль алым көлемін 50 пайызға төмендету туралы шешім қабылданды.
Автоөнеркәсіпті ынталандыру деңгейі жалпы бізге көліктің барлық түріне және құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, – деді бірінші вице-премьер.
Тиісті шара барлық көлік түрлері мен ауыл шаруашылығы техникасына қатысты. Сонымен қатар 4 проценттік мөлшерлемемен 7 жылға жеңілдетілген автонесие беріледі. Бастысы, алғашқы жарна төлеу талап етілмейді. Ол үшін «Жасыл даму» компаниясы 100 млрд теңге бөледі. Бұл жеңілдікті 71 мың тұрғын пайдалана алады. Ал 30 млрд теңге автобус паркін жаңғыртуға жұмсалады.
Ұқсас жаңалықтар