00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғады
ашық дереккөз

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, солайша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің солтүстік жартысы фронтальдық бөлімдердің ықпалында қалады – жауын-шашын (көбіне қар түрінде), бұрқасын, 15-23 м/с дейін желдің күшеюі, республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігінде түнде 5-18 градус аяз, шығысында және орталығында 8-26 градус аяз, республиканың оңтүстігінде 5 градус аяз, батысында 0-10 градус аяз болады.