00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алакөлдегі демалысты қазірден бастап брондау қаншалықты тиімді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алакөлдегі демалысты қазірден бастап брондау қаншалықты тиімді
ашық дереккөз

Қазақстандық туроператор өкілі Светлана Ошерованың айтуынша, ерте брондау кезінде үнемдеуді күтудің қажеті жоқ.

Тек тұру кепілдігі болады, өйткені өткен жылдың тәжірибесі бойынша, Алакөлге барлық тур маусымның басында толық сатылған, - деді ол.

Маман қазірдің өзінде бірнеше демалыс базалары брондауға қолжетімді екенін атап өтті. Олардың бірінде күніне үш рет тамақтанатын екі орындық бөлмеде тұру 24 353 теңге болады.

Туроператорларда кейбір қонақүйде тұру бағасы турист демалыс базасымен тікелей байланысып, сатып алғаннан төмен болуы мүмкін. Өйткені біз шартты түрде «көтерме» бағамен сатамыз. Сонымен қатар, туроператорлар әрдайым пакеттік турларды ұсынады. Бұл туристер үшін ыңғайлы, әртүрлі қызмет көрсетушіден әртүрлі компонентті іздеудің қажеті жоқ, - деді Светлана Ошерова.