200 келіге жуық балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
ШҚО «Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік балық инспекциясының мәліметінше, 8 ақпанда Бұқтырма су қоймасында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды. Инспекция мамандары ер адамнан 100 метр ау мен жалпы салмағы 178 келі балықты тәркіледі.
Осының салдарынан мемлекетке 1 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірілген. Қылмыстық іс қозғау үшін материалдар мен заттай дәлелдемелер Көкпекті аудандық полиция бөліміне жіберілді, - делінген хабарламада.
Браконьер ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабына (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулағаны үшін) сәйкес 3 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелуге немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті
21 қараша, 2024
ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
21 қараша, 2024
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды
21 қараша, 2024
Астанада ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті