00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қызылорда облысында сотталғанға әкелінген донердің ішінен есірткі табылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қызылорда облысында сотталғанға әкелінген донердің ішінен есірткі табылды
ашық дереккөз

17 қаңтарда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Е. есімді сотталғанға жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі заты анықталды. Мекеме қызметкерлері сотталғанға келген сәлем-сауқатты тексеру барысында үш донердің арасына салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тектес заты тәркіленді.

Жедел түрде «102» нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 31,18 граммды құрайтын «кептірілген марихуана екені дәлелденді.

 Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.