00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 1800-ден астам жұмысшы қар күреу жұмысына жұмылдырылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 1800-ден астам жұмысшы қар күреу жұмысына жұмылдырылды
ашық дереккөз

Елорданың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде, сондай-ақ тәулік бойғы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Мәселен, 14 қаңтардан 15 қаңтарға қараған түні елордадан 22 839 текше метр қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 1 680 рейс жасалды. Қысқы кезеңде Нұр-Сұлтаннан 2 млн текше метрге жуық қар шығарылды.15 қаңтарда елордада көшелердің қарын күреу жұмысына 1 000-нан астам арнайы техника мен 1 800-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Ереже бойынша бірінші кезекте кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.