00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде бүгін ауа райы қандай болады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде бүгін ауа райы қандай болады
ашық дереккөз

Суық антициклон бұрынғыдай шығыс пен солтүстіктің ауа райына әсер етеді, осыған орай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне орай тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда күндіз секундына 2-7 метр жел соғады, күндіз ауа температурасы 8-10 градус аязға дейін көтеріледі, түнде 15-17 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда қалыпты ауа райы болады, жел жылдамдығы секундына 5 метрден жоғары көтерілмейді, күндіз ауа температурасы 6-8 градусқа дейін жылы болады, түнде 3 градусқа дейін төмендейді.

Шымкентте күн жылы болады, күндіз 10-12 градусқа дейін жылынады, ал түнде термометр 1-3 градусқа дейін төмендейді. Секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, Алакөл көлдері ауданында жел 18-23 метрге дейін күшейіп, екпіні секундына 29 метрге жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында секундына 18 метрге дейін жел күшейіп, боран соғады, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында және тау бөктерінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын, Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ болса, Қызылорда облысының орталығында түнде, таңертең оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы аудандарында, тау бөктерінде тұман түседі.