Танымал астролог 2022 жылға болжам жасады: Бізді алда не күтіп тұр
Қазақстанды қай салаларда өзгеріс күтіп тұр? Жолбарыс жылын қалай қарсы алу керек? Астролог жауап берді:
Қазақстан үшін 2022 және 2023 жылдар – өте маңызды жылдар. Себебі бұл аралықта үлкен өзгерістер болады. Мемлекет өзінің болашағын құрады. Осы жылдар жаңа кезеңді ашады. 2022, 23, 24 – Қазақстан үшін өте маңызды жылдар, өйткені бүкіл әлеммен бірге жаңа экономикалық платформаға өтеді. Немесе жаңа жолаққа түседі. Көбіне бұл жастармен байланысты. Бір жағынан – салт-дәстүр, екінші жағынан –жастар. Өте мықты жаңару болады, – деді астролог.
Маманның айтуынша, экономикалық салада сәуір айының соңы мен мамыр айы, тамыз бен қазан айының басы аралығы, қараша айы ауыр болмақ.
Осы кезеңде апаттар мен өнімдерге мән беру керек, – деді астролог.
Жаңа жылды қарсы алуға келсек, көк түсті киім киген абзал.
Жылтырақтар міндетті түрде болсын. Дастарқан сіздің жағдайыңызды көрсететіндей мол болсын. Түрлі жеміс түрлері міндетті түрде болуы керек, – деді Тамара Глоба.