00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қар күреген Мақпал Жүнісова елді тәнті етті (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қар күреген Мақпал Жүнісова елді тәнті етті (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Соңғы уақытта Instagram парақшасында белсенділік танытып жүрген Мақпал Жүнісова күнделікті немен айналысатынын оқырмандарына көрсетіп, барынша өз жаңалықтарын бөлісуде. Бұл жолы әнші ауладағы қалың қарды күреп жатқан видеосын жариялап, елді тәнті етті.

Бейнежазбада оның есік алдын қардан тазалап жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетіне риза болып, оған өз жылы лебіздерін білдірген.

«Мақпал ханым, жарайсыз. Мына жаста қар күреу деген үлкен іс», «Жаңа жыл құтты болсын. Мерей екеуіңізде бәрі жақсы болсын. Аңсаған армандарыңыз орындала берсін», «Мәке керемет. Көмек керек пе?», «Тамаша, жарайсыз», «Шаршамаңыз, жасай беріңіз», - деп жазуда оқырмандар.