00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанға бара жатып жолаушы ала кеткен азамат көліксіз қалды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанға бара жатып жолаушы ала кеткен азамат көліксіз қалды
ашық дереккөз

Арызданушының айтуынша, ол Шымкентткен Нұр-Сұлтанға өз көлігімен жетпек болған. Түркібас ауданы тұсынан өтіп бара жатқанда белгісіз ер адам өзін ала кетуін өтінген. Жолай асханаға тоқтаған жүргізуші тамақтанып болған соң сыртқа шыққанда, Toyota Alphard көлігі жоқ екенін байқаған. Жанында бірге келе жатқан жолаушы да жоқ. 

Полиция өкілдері көлікті сол жолаушы ұрлаған деген болжам жасаған. Сөйтіп Қылмыстық кодекстің “Автомобильді не өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз айдап әкету” атты бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Күдікті Түркістан облысының Бәйдібек ауданында ұсталды. Ол бұрын алаяқтық пен бөтен біреудің мұлкін ұрлағаны үшін сотталған адам болып шықты. Ол белгіленген жерге жету үшін автокөлікті айдап кеткенін айтқан. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.