00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Келер жылы Нұр-Сұлтанның Байқоңыр ауданындағы 86 аула абаттандырылады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Келер жылы Нұр-Сұлтанның Байқоңыр ауданындағы 86 аула абаттандырылады
ашық дереккөз

Әкімдіктің мәліметінше, оның ішінде 25 аулада темір гараждар орнатылған. Байқоңыр ауданы әкімдігі аппаратының қызметкерлері гараж иелерінің арасында нысандарды 15 сәуірге дейін алып тастау керегі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кіріскен.

«Себебі темір гараждар аудан келбетін бұзып қана қоймай, ортақ аумақтың көп бөлігін басып алған. Еске сала кетсек, биыл ауданда заңсыз салынған 202 металл гаражы алынып тасталды. Нәтижесінде 10 000 шаршы метрден астам жер учаскесі босап, сол аумаққа қарасты үйлердің меншігіне қайтарылды. Тиісті абаттандыру жұмысы жүргізілгеннен кейін, қазір ол жерлерде демалыс алаңдарына айналған», делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, Байқоңыр ауданы аумағындағы заңсыз нысандарды жою жұмыстары жоспарланған кестеге сәйкес жалғасады.