Келесі пандемия бұдан да көбірек өмірді жалмауы мүмкін - вакцина жасаған ғалым
AstraZeneca-мен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинаны жасаған Оксфорд университетінің профессоры Сара Гилберт келесі пандемия жұқпалы болуы мүмкін екенін және бұдан да көп адамның өмірін қиюы мүмкін екенін ескертті.
"Бұл вирус өмірімізге қауіп төндіретін бірінші жағдай емес. Шындығында, келесі вирус одан да қауіпті болуы мүмкін. Ол одан да жұқпалы немесе өлімге әкелуі мүмкін", - деді ол.
Ғалым пандемияға дайындықты қамтамасыз ету үшін көбірек қаржыландыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ, вакциналардың "омикрон" жаңа штамына тиімділігі төмен болуы мүмкін екенін, бұл туралы толық белгілі болғанша, азаматтар абай болу керек екенін ескертті.
"Бұл түрдің ақуызында вирустың берілуін арттыратын белгілі мутациялар бар. Көп нәрсені білмейінше, сақтық танытып, осы жаңа нұсқаның таралуын бәсеңдету үшін шаралар қолдануымыз керек", - деп қорытындылады ғалым.