00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Пара алған полиция қызметкері 7 жылға сотталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Пара алған полиция қызметкері 7 жылға сотталды
ашық дереккөз

Жол патрульдік полиция полкінің командирі жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерден 4 мың теңгеден бастап 50 мың теңгеге дейін ақша талап етіп отырған.

Хабар 24” хабарлауынша, полиция қызметкері қаржыны туыстарының электронды есепшоттарына аудартқан. Полиция мойоры 2019 жылдан бастап қалалық Полиция департаментінде қызмет атқарды. Сот үкімі бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, шенінен айрылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді.

«Бұл кісінің өзі лауазымды тұлға бола тұр әрі заңсыздықтардың жолын кесу өзінің тікелей міндеті бола тұра, бірнеше рет осы қала аумағында пара алу дерегі бойынша айыпталған. Осыларды жан-жақты зерттей отырып, қылмыстың ауырлығын және жасаған қылмыстың мән-жайына тоқтала отырып,  сот 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын шешті», – деді қалалық әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстан.