Астана тұрғыны жалға алынған көлікті сатып жіберген
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Полицияға алыс танысы автокөлігін алып алған тұрғыннан шағым келіп түскен. Тергеу барысында белгілі болғандай, 29 жастағы ер адам өзінің танысынан ресейлік нөмірі бар “Газель” көлігін жалға алған. Ақшасын бір-екі күнде берем деген ол көлік кілтін алған соң, хабарсыз кеткен. Жедел-іздеу шарасы нәтижесінде күдікті қолға түсті. Сөйтсе ол әлгі көлікті сатып үлгерген екен.
“Алаяқтық” бабына сәйкес қылмыс іс қозғалды. Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар