00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жалған шот-фактура жасаған тұрғын 4,5 жылға сотталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жалған шот-фактура жасаған тұрғын 4,5 жылға сотталды
ашық дереккөз

Белгілі болғандай, О. Щипило деген азамат бұрын істі болған А. Колесниковпен сөз байласып,  үш жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтару үшін көмектескен.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аймақтық департаментінің мәліметінше, қылмыс жасаушы өз бақылауындағы «Призма Плюс», «Конэктгрупп» және «Солмир» ЖШС деген компанияларды қатыстырып, заңға қайшы әрекетке барған. Соның салдарынан мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтіріп отыр.