Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Германиядан экстрадицияланды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан Қазақстан Республикасының 32 жастағы азаматы Айдос Қанатұлы Шәріповты экстрадициялады.
“Шәріпов Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналасу сылтауымен жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деп күдіктенеді. Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шегушіге келтірілген залал сомасы 34 млн теңгені құрайды. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта А.Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалған.
Ұқсас жаңалықтар
28 қараша, 2024
Астанада ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC – 2024» көрмесі ашылды
28 қараша, 2024
Қазақстан мен Ресей телефон кодын бірлесіп қолдануға келісті
28 қараша, 2024
Jarqyn bolashaq жастарға лудомания мен алаяқтықтан құтылуға көмектеседі
28 қараша, 2024
Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті борышкерлерге түсіндірме жасады