00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жыл басынан бері елордада коронавируспен күреске 35,38 млрд теңге жұмсалды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері елордада коронавируспен күреске 35,38 млрд теңге жұмсалды
ашық дереккөз

“Елорда бойынша 2021 жылғы 9 ай ішінде коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыру 35,38 млрд теңгені құрады. Атап айтатын болсақ, медицина қызметкерлеріне үстемеақыға – 17,38 млрд теңге, медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге 13,75 млрд теңге жұмсалды. Ал карантиндік және инфекциялық стационарларға 42,7 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды”, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, КВИ таралуын болдырмау үшін стационар аясында үйге келіп көрсетілетін медициналық көмекке – 1,88 млн теңгені құрап, 60 адам емделген.

“ПТР диагностика қызметіне – 3,41 млрд теңге бөлініп, 482,1 мың ПТР-тест жасалды. Мобильді бригадалардың шығуына – 838,73 млн теңге, 145,5 мың шақыртуға жұмсалды”, - деп атап өтті филиал директоры.