00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстандықтар қашанға дейін үй жануарын тіркеуге қойып үлгеруі керек

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтар қашанға дейін үй жануарын тіркеуге қойып үлгеруі керек
ашық дереккөз

“Жаңа заң жобасы принциптерінің бірі өзіміз өсіріп-асыраған тіршілік иелері үшін жауапкершілік алуға үйрету екенін ескерсек, тіркеуге қоюға қатысты барлық шығын иелерінің мойнында болады. Сондықтан тіркеуге қойып үлгеру мерзімі әдейі алысырақ уақытқа, яғни 2023 жылдың 1 қыркүйегіне белгіленіп отыр”, – деп түсіндірді вице-министр Мәжілісте “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заң жобасын таныстыру барысында. 

Бұған дейін вице-министр ОКҚ-да өткен брифингте енді барлық үй жануарлар чиптеу керек екенін айтқан болатын. Егер бұл ереже орындалмаса, жануар иесі 10 АЕК, яғни 29 170 теңге айыппұл төлейтін болады. Ереже бұзушылық екінші мәрте анықталса, айыппұл көлемі артады.