00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елімізде өрттен 251 адам қайтыс болған

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елімізде өрттен 251 адам қайтыс болған
ашық дереккөз

2021 жылдың 8 айында Қазақстанда 7 515 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға аз. 251 адам қаза тапты (+20,6%), 217 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды (+18,5%). Өрттен келген материалдық шығын 6,5 млрд теңгені құрады (+90,6%). Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында (58%) және көлікте (18,5%) болады7

Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 20 қазанына дейін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасының келісілген жобасын дайындауды және қарауға енгізуді тапсырды.

ТЖМ-ге әкімдіктермен бірлесіп жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықпен алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, газ жабдықтары мен тұрмыстық баллондардың қауіпсіз пайдаланылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.