00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан OPEC FUND 2024-ке қатысты

27 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қазақстан OPEC FUND 2024-ке қатысты
фото: primeminister.kz

Венада жаһандық даму мен ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау үшін әртүрлі елдердің, халықаралық инвестициялық топтардың және қаржы ұйымдары өкілдерінің басын қосқан OPEC Халықаралық даму қоры ұйымдастырған Форум өтті. Бұл туралы Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Панельдік сессия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық саясат және құрылымдық реформалар туралы айтты. Оның басты мақсаты — азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Вице-премьер тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін берік өнеркәсіптік негіз қалыптастыруға және экономиканы базалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа инвестициялық цикл іске қосылатынын атап өтті.

«Біз ашықтық пен ынтымақтастық қағидаттарына адал болып қала береміз және Қазақстанға бәсекелестік негізде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастырамыз», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.