00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс бағытында жаңа рейс ашылады

13 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс бағытында жаңа рейс ашылады
фото: ашық дереккөзден

1 маусымнан бастап «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайды, деп хабарлады Elorda.info.

Аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағы қатынайтын болады.

Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді. Осылайша, Қазақстан Республикасынан 28 елге 121 бағыт бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті, - деп көрсетті Азаматтық авиация комитеті.