00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жындының сандырағы»: Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты пікір білдірді

24 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жындының сандырағы»: Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты пікір білдірді
фото: Elorda.info

Бизнесмен Райымбек Баталов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Ол Қуандық Бишімбаевтың сотында болған оқиғадан кейін өзінің абыройын қорғау үшін осы әрекетке барғанын айтады.

Достар, Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты соңына дейін пікір білдіргім келген жоқ. Алайда, менің атым мен абыройыма нұқсан келтіретін, адам сенгісіз сөздерден кейін осылай істеуге мәжбүрмін. Айтайын дегенім, аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отырған адамның маған қатысты айтылған сөздері – жындының сандырағы, бұл таза өтірік. Бұл жалған сөздерге сенбеңіздер, БАҚ өкілдері мен блогерлерден тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды сұраймын. Және осындай ауыр қайғыға душар болған Салтанаттың жақындары мен туыстары қыздарының абыройын қорғау үшін шыр-пыр болып жүргені, әрине, өкінішті. Мен Нүкеновтер отбасына қайғыра көңіл айтамын, - деді Райымбек Баталов.

Естеріңізге сала кетейік, сотта Қуандық Бишімбаевтың телефонында көрсетілген бейнежазбаларда Бишімбаев Нүкеновадан Райымбек Баталовпен қатынасы туралы қайта-қайта сұрап, оны қатты балағаттағаны белгілі болған еді.