00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жол қозғалысы кезінде ауыр құқық бұзушылық жасағандарға ескерту берілмейді

18 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жол қозғалысы кезінде ауыр құқық бұзушылық жасағандарға ескерту берілмейді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жол қозғалысы кезінде ауыр құқық бұзушылық жасағандарға ескерту берілмейді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның хабарлауынша, осы фактілер бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Сондай-ақ спикер барлық жол ережелерін бұзу фактілері бойынша ескерту жасала бермейтінін еске салды. 

Әр құқық бұзушылықтың деңгейі болады. Сол деңгейіне байланысты шара қолданылады. Мысалы, ауыр құқық бұзушылықтар болып жатса, тек айыппұл салу ғана емес, жүргізуші куәлігінен айыруға дейін, қамауға алуға дейінгі шаралар да қолданылып жатады. Ал, енді ұсақ-түйек жол ережелерін бұзу фактілері кезінде ескертумен де шектелу Әкімшілік кодексінде көзделген. Соның бірі 620-бап. Сонымен бірге күндізгі кезде автокөліктердің жарықты жақпай жүргендерге ескерту жасаймыз, – деді Қ.Сұлтанбаев. 

Айта кетейік, былтыр осындай 597 мың көлік жүргізушісі ескертумен шектелген.