Жас қаламгерлерге президенттік әдеби сыйлық тағайындалды
Мәдениет және спорт министрлігі тұңғыш рет қазақстандық жас ақын-жазушыларға президенттік арнаулы әдеби сыйлық жариялады, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның facebook-парақшасына сілтеме жасап.
Өтінімдер «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша 30 маусымға дейін қабылданады.
Ұсынылатын жұмыстар халықаралық, ұлттық байқауларға қатыспаған болуы керек.
Қабылданатын құжаттар:
1) үміткердің президенттік сыйлық алуға өтінім;
2) жеке куәлігінің көшірмесі;
3) Қазақстан Жазушылар одағынан шығармашылық мінездеме;
4) үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (бар болса);
5) банктік шоттың анықтамасы көшірмесі;
Әр номинацияның жеңімпазына арнайы төсбелгі мен 4 млн теңге қаржылай сыйлық беріледі.
Құжаттар «Министрліктер үйінде» , Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекен жайы бойынша 15-кіреберісте қабылданады.