00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Зейнеткерлерге 50 мың теңге берілетіні туралы ақпарат жалған– министрлік

23 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зейнеткерлерге 50 мың теңге берілетіні туралы ақпарат жалған– министрлік
фото: Оңалхан Өнерхан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Мессенджерлерде зейнеткерлерге материалдық көмек төленетіні туралы жалған ақпарат таралуда.  Тағайындалған қаражатты алу үшін белгісіз адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, №2 нысанды толтыруды ұсынады.

Аталған материалдық көмек түрі жоқ екенін және мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатынын хабарлаймыз. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, - деді министрліктің баспасөз қызметі.