Тина Канделаки Қазақстанға кірмейді – СІМ
22 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
Айбек Смадияров бүгінгі брифингте БАҚ өкілінің ресейлік тележурналист Тина Канделакидің елге кіруіне рұқсат беріле ме деген сұрағына жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
«Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді, ол келмейтін шығар, бірақ ол келгісі келсе, оны кіргізбейді», - деді Айбек Смадияров.
Естеріңізге саламыз, Тина Канделаки «Уральск» вокзалын «Орал», ал «Узен» станциясын «Жаңаөзен» деп өзгертілгеніне шүйлігіп, орыс тілі мемлекеттік деңгейде ысырылып жатыр деп желіде жазба қалдырған болатын. Оның бұл сөзі қоғамда қызу талқыланып, Канделакидің айтқанын жоққа шығаратын көптеген роликтер мен жазбалар жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады