Таразда жасөспірім қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған
![Ғани Атымтай](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Таразда жасөспірім қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173915743941977015.webp)
Таразда 16 жастағы оқушы қыз дүниеге сәби әкелді. Босанған қыз түскен облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлері оқиға туралы полицияға мәлімдеген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құқық қорғау органдары тергеуді бастап, негізгі күдік қыздың өгей әкесіне түскен. Ер адам өзінің қатысын жоққа шығарды. Бірақ әртүрлі зертханаларда жүргізілген екі тәуелсіз ДНҚ сараптамасы оның баланың әкесі екенін растады.
"Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қыздың 54 жастағы өгей әкесі анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды", – делінген Жамбыл облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
![Астананың құқық қорғау органдары бойжеткендерге ескерту жасады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17392702753934067.webp)
![Демография: Былтыр ұлдар көбірек дүниеге келген](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173927573946671282.webp)
![Маңғыстау облысында мектеп асханасының жұмысшылары жалған құжатпен жұмыс істеген](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926962516130697.webp)
![Францияда қазақ тілін үйренуге қызығушылық артып келеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926792345126398.webp)