00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Таңғы 6-да залға барамын»: Еліміздегі ең жас министр басы бос екенін айтты (ВИДЕО)

25 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Таңғы 6-да залға барамын»: Еліміздегі ең жас министр басы бос екенін айтты (ВИДЕО)
Фото: NUR.KZ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы министр Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

Салмақ тастаған сияқтымын. Жұмысым қызық. Экология мәселесі көп. Сол жағынан бізге қойылатын талап та көп. Қазір кітап оқитын уақыт жоқ. Нелсон Манделаның биографиясы туралы аудиокітап тыңдап жүрмін. Таңғы 6-да залға барамын, - дейді ол. 

Министр сондай-ақ ет жемейтінін, былғары тон кимейтінін тағы да еске салды. 

9 жыл бұрын ет жеуді қойдым. Ең алдымен, денсаулығым үшін, одан басқа ет жемеген экология үшін дұрыс. Ал бағалы тондарға келсек, 2019 жылы Жапониядан кеткенде 3 айдай 1 чемоданмен жүрдім. Сол кезде адамға бақытты болу үшін бағалы тон қажет емесін түсіндім. Анам да бағалы тон кимейді. Оның қажеті жоқ, - деді ол. 

Зүлфия Сүлейменова жеке өміріне қатысты сұрақты да айналып өтпеді. Тұрмыс құрмағанын айтты.  

Басым бос. Тұрмыс құрмағанмын. Менің ойымша, өмірде ең бастысы - адам болып қалу. Білімі де, материалдық жағдайы маңызды емес, экобелсенділікке де үйретуге болады, - деді ол.