Шымкентте ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан азамат ұсталды
25 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын өткізумен айналысып жүрген Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info
20 жастағы ер адам өзімен бірге қытырлақ картоп (чипсы) қаптамасына салынған синтетикалық есірткіні тасымалдаған.
Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде ұнтақ салынған полиэтилен пакеттер және 150-ден астам есірткі орамасы табылды. Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 3,5 келіні құрады. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр,- деп жазды Polisia.kz сайты
Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет заңмен қудаланатынын ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді