00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су саласында мамандар дайындауды күшейту қажет – сарапшы

6 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Су саласында мамандар дайындауды күшейту қажет – сарапшы
фото: коллаж/Елтай Нурғазин

Өзекті мәселеге қатысты Elorda.info тілшісі Cәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Экология кафедрасының  қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Гүлмира Сатыбалдиеваның пікірін білді. 

Елімізде ауыз су тапшылығы жыл өткен сайын үлкен мәселеге айналып барады. Мемлекет тарапынан бұл мәселелені шешу үшін түрлі шаралар іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысы  биылғы Жолдауында да аталған мәселеге арнайы тоқталды.

Сарапшының айтуынша, суды үнемдеу және ұтымды пайдалану мақсатында алдымен жалпы экологиялық білім мен мәдениет қалаптастыру қажет. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында көтерген су мәселелері өте өзекті және шұғыл шаралардың қабылдануын талап ететін бағыттардың бірі деп ойлаймын. Су ресурстары мен санитарияның бар болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі. Бұл мақсатта міндетті түрде еліміздің әрбір азаматында суды пайдалану және жалпы экологиялық білім мен мәдениетін қалаптастырыумыз қажет. Балабақшадағы бүлдіршіндерден бастап, мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, мекемелермен кәсіпорындардың қызметкерлері тіршіліктің көзі - судың негізгі байлығымыз екенін түсінетін уақыт жетті,- дейді Гүлмира Қалмашқызы.

Сарапшы  мәліметінше, 2050 жылға қарай ғаламшардың әрбір төртінші тұрғыны тұщы судың созылмалы немесе кезеңдік жетіспеушілігін бастан кешіп отырған елде өмір сүретін болады.

Президент Жолдауынан кейін елімізде жаңадан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Биология ғылымдарының кандидаты Гүлмира Сатыбалдиева жеке министрліктің құрылуын дұрыс деп есептейді. 

Жеке министрліктің құрылуы өте дұрыс деп есептеймін, себебі су ресурстарына байланысты мәселелер өте көп. Мысалы, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, трансшекаралық су мәселелерін шешу, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпорындарына жеткілікті су жеткізу, суды үнемдеу, экожүйені сақтау мәселелері өте маңызды,- дейді сарапшы.  

Оның айтуынша, су мәселесін шешу үшін кешенді басқару жүйесін құрып, тұтынушылардың жауапкершілігін арттыру қажет.

Су бірден шешіле салатын мәселе емес. Ол үшін кешенді басқару жүйесін құрып, шаруашылықтар мен кәсіпорындардың дамыған елдерде қолданылатын су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалануды талап ету керек. Су ресурстарын барынша тиімді пайдалану және ластанудан қорғау арқылы үнемдей аламыз. Одан бөлек су саласында мамандар дайындауды күшейту  керек. Жоғары оқу орындарында су ресурстарын ұтымды пайдалануға және жалпы экологиялық білім мен тәрбие қалыптастыру мақсатында арнайы пәндерін енгізу қажет деп ойлаймын,- дейді Гүлмира Сатыбалдиева.