«Шындыққа жанаспайды»: ЕҰУ Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығарылуына қатысты пікір білдірді
17 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөз
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті күні кеше бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығып қалуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұған дейін Санжар Ташкенбайдың оқудан шығарылғаны туралы хабар тараған болатын. Жоғары оқу орны мұны жоққа шығарып отыр.
Ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар өзінің жеке өтінішімен оқудан шықты. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды. Біз барлық қазақстандық секілді Санжардың жеңісімен мақтанамыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз. Санжардың өзі ниет білдірсе, университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын, - делінген мәліметте.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді