00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Шекарадан өткен жоқ»: ҰҚК Серік Күдебаев жайлы сұраққа жауап берді

«Шекарадан өткен жоқ»: ҰҚК Серік Күдебаев жайлы сұраққа жауап берді
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Мәжілістің кулуарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов Қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген полиция генералы Серік Күдебаевтың қайда болуы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Серік Күдебаев ресми түрде Қазақстан мемлекеті шекарасынан өткен жоқ. Қазіргі уақытта біз Қырғыз Республикасы мемлекетінің шекарасына сұраныс жібердік. Әзірге ресми жауап келген жоқ. Шекара қызметтік тексеріс бастады. Сонымен қатар Бас прокуратурада қылмыстық іс қозғалды, - деді ҰҚК төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов.

Сәбина КӘКІМЖАН