«Пайғамбардан артық емес шығарсың»: Белгілі имам әйелге қамқор болу керек екенін айтты (ВИДЕО)
Астанадағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп жазады Elorda.info.
Оқи отырыңыз: Нұрлан Байжігітұлы Астанадағы Ырыскелді қажы мешітіне бас имам болып тағайындалды
«Дәрет жоқ болса да ауызды бекіте бересіз»: Нұрлан имам өз ойымен бөлісті (ВИДЕО)
Instagram-дағы тікелей эфирде бір оқырманның «әйелім «үй шаруасынан, қызметтен шаршадым. Күнде бір нәрсе болып кетті деп айтады» деген сауалына жауап берген.
Тағы оқыңыз: «Қазақ бетін тұмшаламаған»: Танымал имам хиджабқа қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)
Нұрлан имамға пародия жасаған бала жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)
Дұрыс айтады, шаршайды ғой, адам ғой ол. Үнемі жер қаза берсе, үнемі бау-бақшада істей берсе, қайта-қайта саған тамақ жасай берсе, сенің алдыңа қояды, сен жейсің, ол қайта пісіреді, баланы мектепке апарады, мектептен күтіп алады. Адам робот емес қой, роботтың өзінің майы кетіп, подшипнигі сынып қалады. Ол да адам ғой, анда-санда алып шық оны, қыдырт, жақсы сөз айт, «жүр, қыдырып келейік» деп дүкенге алып барып, бірдеңе алып бер үстіне, жүзік, бижутерия алып бер. Шамаң келіп, бай болып жатсаң, бренд сөмке алып бер, қазір хит болып жатыр, витаминдер бар, соларды алып бер, әйтеуір не керек, кішкене жақсылық жаса. Одан бай болсаң, анау қымбат шаш бұйралағышты алып бер, кішкене шашын ретке келтіріп жүрсін ол байғұс сенің алдында. Анда-санда сен де оған тамағына жәрдем бер, кел бүгін мен істейін деп, сәбізін турап бер, пайғамбарымыз (с.а.с) су тасып беретін. Артық емес шығарсың пайғамбардан, – деп жауап берді Нұрлан Байжігітұлы.