Отбасы банкіндегі біржолғы зейнетақы төлемдерін жинақтау мерзімін ұлғайту ұсынылды
Отбасы банкіндегі біржолғы зейнетақы төлемдерін жинақтау мерзімін ұлғайту ұсынылды
Министрліктің мәліметінше, биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша 135 мыңға жуық азамат өз қаражатын біржолғы зейнетақы төлемдерінен «Отбасы банк» АҚ депозиттеріне аударғанымен әлі баспана алмаған.
«Отбасы банк» АҚ ақпараты бойынша тұрғын үй заемын алу үшін қажетті бастапқы жарнаны жинақтаудың орташа мерзімі алты жыл. Осыған байланысты, министрлік азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында «Отбасы банк» АҚ депозиттерінде БЖТ қаражатын жинақтау мерзімін 3 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтуды ұсынады», - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Бұдан басқа, ерлі-зайыптыларға «Отбасы банкі» АҚ депозиттерін бір-біріне БЖТ қаражатымен толықтыруға мүмкіндік беру ұсынылады.
Сондай-ақ, бұйрық жобасымен тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы «Отбасы банк» АҚ-мен шарт бұзылған кезде БЖТ-мен толықтырылған сома алушының арнайы шотына қайтарылады, ол 20 жұмыс күні ішінде осы қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады немесе емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына сәйкес емдеуге жібере алады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне жоспарланған түзетулер НҚА ашық деректер порталында талқылануда. Барлық ескертулер мен ұсыныстар қабылданғаннан кейін бұйрық жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілетін болады. Барлық келісу процесі шамамен екі айға созылады.