«Наурыз жұмыскер» бағдарламасына өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды


«Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Сенатта өткен парламенттік тыңдауда жұмыскер «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы қашан басталатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
«Келесі аптада, 5 наурыздан бастап «Отбасы банк» «Наурыз» бағдарламасына» өтініштерді қабылдаймыз. Оған барша қазақстандықтар, үй кезегінде тұрған осал топ өкілдері, жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, «Отбасы банк» салымшылары, моно қалалардың, аудан орталықтарының, ауылдардың тұрғындары қатыса алады», - деді ол.
Айтуынша, бағдарлама шартында «Отбасы банкте» ашқан депозиттің мерзімі маңызды емес. Кейінгі алты ай ішінде ресми табысы болу керек.
«17 наурыздан бастап «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын іске қосамыз. Ол – «Наурыз» бағдарламасының бір бөлігі», - деді Ләззат Ибрагимова.



