Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды
7 маусым, 2023
Елорда ақпарат
Фото: eldala.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлады Elorda.info.
Антикордың мәліметінше, ол пара алды деген күдікпен ұсталған.
Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына қатысты өзге мәлімет жарияланбайды, - деді Антикор өкілдері.
Нұржан Әлтаев әр жылдары Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған, сондай-ақ Мәжілістің VI шақырылымының депутаты болған.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді