Мыңнан астам грант алушы бақылауды күшейткеннен кейін ғана зейнетақы жарналарын аудара бастаған

Бүгін, 15:23
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views79
Мыңнан астам грант алушы бақылауды күшейткеннен кейін ғана зейнетақы жарналарын аудара бастаған
Фото: видеодан кадр/Үкімет

Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға бөлінетін гранттарды пайдалану тиімділігіне бақылауды күшейтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

Өткен жылғы талдау көрсеткендей, 20% жағдайда қаражат тиімсіз пайдаланылды. Бағдарлама аясында жыл басынан бері әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 4 мыңнан астам грант берілді.

«1,3 мыңнан астам грант алушы зейнетақы жарналарын аудармаған, ал оның 500-ден астамы тиесілі сомадан аз болған. Сондықтан біз осы бағытта бақылауды күшейттік, оның ішінде бюджетке қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде 1100-ден астам грант алушы міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастады»,
 — деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді: азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына 4 мыңнан астам грант берілді. Оларды пайдалануды бақылауды күшейткеннен кейін зейнетақы жарналарын аудара бастады. Сонымен қатар «Жобалардың инновациялық навигаторы» арқылы инвестициялық жобалар шеңберінде 224 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, оның 33,6 мыңы қазірдің өзінде ашылған.