Министрлік Ресейге әскери техника жөнелту туралы қауесетті жоққа шығарды
7 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
фото: видеодан алынған кадр
ҚР Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техника жөнелту туралы хабарламаны жоққа шығарды, деп хабарлады Elorda.info Stopfake-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 2023 жылғы 6 сәуірде Қарағанды облысында Ресейге жөнелтілген әскери техника түсірілген видео тарады. Бұл хабарламаны ҚР Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.
Әлеуметтік желілерде тараған қазақстандық әскери техниканы Ресейге жөнелту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерде таралған видеода көрсетілген техника жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы жаттығулардан қайтып келе жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды, – деп хабарлады ведомстводан.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады