Мұнай-газ саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Марапатталғандар:
«Парасат» ордені
Максим Досмаилов – еңбек ардагері
Бақыт Иманбаев – «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС филиалының директоры
Мұсабек Исаев – еңбек ардагері
Құндыз Нупов – еңбек ардагері
«Құрмет» ордені
Орынша Абдрахманова – еңбек ардагері
Жақсылық Мыңжасаров – еңбек ардагері
Ыбырай Сейітов – «Эмбаведьойл» ЖШС бас геологі
Еркін Ыбыраев – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнай-газ өндіру операторы
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Әлібек Ахметов – «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ «Атырау» мұнай айдау стансасының операторы
Қуат Ғабдуллин – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС кокс және күкірт өндірісінің технологиялық сорғылар машинисі
Әнуарбек Дәдешев – еңбек ардагері
Нариман Дүйсекенов – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірісінің машинисі
Жанболат Жұмағалиев – «Dunga Operating GmbH» мұнай және газ өндеу операторы
Айша Жұмалиева – «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру операторы
Сейілхан Жүсіпбеков – еңбек ардагері
Ермекқали Махамбетов – «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ «Құрманғазы» мұнай айдау стансасының жүргізушісі
Жаңбырбай Ниетбаев – «ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу жөніндегі инженері
Ғарифолла Тұманғалиев – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» «Қазақстан» филиалының инженер-механигі
Владимир Усачев – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС технологиялық компрессор машинисі
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Болат Байназаров – «Dunga Operating GmbH» мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы
Арман Бекмағамбетов – «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің жетекші инженері-механигі
Сара Ержанова – еңбек ардагері
Қалия Ермышева – еңбек ардагері
Әлібек Жәнібеков – «QHSE-Akbarys» ЖШС өндіріс және бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық менеджері
Амандық Кашаков – «Dunga Operating GmbH» мұнай және газ өндеу операторы
Айман Кенжебаева – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетыбаймұнайгаз» ӨБ мұнай және газ өндіру инженері
Бисенбай Қожалақов – «Oil Services Company» ЖШС «Жетыбай Сервис» ӨБ жүк тиегіш жүргізушісі
Сәкен Оңғарбаев – «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС тазалау құрылғысының сумен өртті сөндіру және өнеркәсіптік кәріз цехының операторы
Мақсет Таубаев – еңбек ардагері
Қоныс Тегісбаев – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС электр цехының тарату желілерін пайдалану жөніндегі электрмонтері
Нұрлан Тиындықов – «PetroKazakhstan Oil Products» ЖШС №3 технологиялық цехының аға механигі



