Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы артты
11 маусым, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
Оңалхан Оңерхан
Жыл басынан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржолмен жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға ұлғайып, 12,8 млн тоннаны құрады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл ретте экспорт 17%-ға, яғни 8 млн тоннаға дейін өсті. Қазақстанға темір жол арқылы 4,8 млн тонна жүк әкелінді, бұл көрсеткіш 6%-ға артты.
Қаңтар-мамыр айлары қорытындысы бойынша Алтынкөл – Қорғас станциялары арасында жүктерді тасымалдау өткен жылғы деңгейге қарағанда 7%-ға, яғни 5,3 млн тоннаға дейін ұлғайды. Достық станциясы арқылы ҚХР-ға және кері бағытта 7,4 млн тонна жүк берілсе, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға жоғары,- деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
8 қазан, 2024
Алматыда заңсыз жүрген шетелдіктер елден қуылды
8 қазан, 2024
«Үздік сынып жетекшісі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды
8 қазан, 2024
Энергетика министрлігі жылу беру маусымына қанша тонна көмір мен мазут дайындалғанын хабарлады
7 қазан, 2024
Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында 2 мыңнан астам тексеру жүргізілді