«Күнә арқаламаңыздар»: Дәулет Мұқаев курс сатып байыды деп айыптағандарға жауап берді

3 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Күнә арқаламаңыздар»: Дәулет Мұқаев курс сатып байыды деп айыптағандарға жауап берді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметінен

Белгілі депутат, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев өзіне «курс сатып байыды, болашақ аналарды заңсыз декретке шығарды» дегендерге жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Депутат бұл жайлы өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

«2023 жылға дейін «Декретке миллионмен» сабағымда бар нәрсені түсіндіргеніме кей адамнан ғайбат естудемін. Олар 100% менің сабағыма қатыспағандар!!! Сондықтан мені босқа қаралап, өзіңізге күнә арқаламаңыздар!

Мен егов. кз сайтындығы мәліметті қарапайым тілде түсіндірген адаммын. Сенбесеңіздер міне сілтеме қойдым. Тіпті, бұл сайтта миллион 1 емес, заңды табысқа сай 2,5 миллион «до родовой» алатын формуланы көрсеткен. Ал менің сабақтарымда осыны қарапайым тілмен түсіндіргенмін.

2 сағаттық видео сабағымда бір емес, жеті рет өтірік ИП ашпаңыздар деп ескерткенмін», - деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін халық оған «курс сатып байыған» деген сын айтқан болатын.