00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көктемде 20 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады

1 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көктемде 20 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады
Фото: Целиноград ауданының әкімдігі

ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 443 Жарлығына сәйкес 1 наурыздан жергілікті атқарушы органдар әкімдері орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады, деп хабарлайды Elorda.info.

Азамат Досымовтың айтуынша, 2024 жылдың 30 маусымына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы жиырма мыңнан астам ер азамат толықтырады.

Соның ішінде: Қарулы Күштерге 9 мыңнан астам адам; Ұлттық ұланға 6 мыңнан астам адам; ҰҚК Шекара қызметіне 3 мыңға жуық адам; Төтенше жағдайлар министрлігіне 300-ден астам адам; Мемлекеттік күзет қызметіне 300-ге жуық адам тартылады, – деді ол.