Елімізде тіркелген 428 діни миссионердің 361-і шетелдік
14 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі елде тіркелген діни миссионерлердің санын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
2023 жылдың І тоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстан аумағында ресми тіркелген 428 миссионер бар. Оның 361-і шетелдік болса, 67-сі Қазақстан Республикасының азаматы.
Сондай-ақ министрлік 2023 жылдың І тоқсанына дейін ресми тіркелген діни ғибадат ғимараттарының саны туралы мәлімет ұсынып отыр.
Ресми дерек бойынша елімізде барлығы 3710 тіркелген ғибадат үйі бар. Оның 2779-ы ислам бағыты дінін ұстанатындарға, 303-і православтарға, 115-і католиктерге, 155-і баптистерге, алтауы иудаистерге, біреуі биддустерге қызмет көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады