00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде қанша шипажай бар

29 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде қанша шипажай бар
фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы демалыс маусымы қарсаңында Қазақстан шипажайлары туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық мекеме болды, оның ішінде 109 –санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 –профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер.

Сауықтыру нысандарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі – 127, мемлекетке – 42, шетелдік меншікте – 3.

Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан.

Курортты ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 мекеме жұмыс істеп тұр. Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орнынан бар.

Өткен жылы шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60% әйелдер құрады.