00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 6,7 млн бала бар

Елімізде 6,7 млн бала бар
коллаж Elorda.info

Қазақстандағы балалар саны 6,7 млн-ды құрайды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтарының сақталуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасында хабарланады.

«Қазақстандық балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу - мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып табылады. Қазақстан Республикасының балалар 6,7 млн-ды құрайды, оның ішінде 3,7 млн - нан астамы оқушы, 2,5 млн-нан астамы мектеп жасына дейінгі балалар, сондай-ақ ТжКБ ұйымдарында 400 мыңнан астам студент бар», - делінген құжатта.

Мемлекет олардың әрқайсының  өмір сүруіне, жеке бас бостандығы мен ар-ождан бостандығына нұқсан келмеуіне, денсаулықтарын сақтауына, білім алуына, отбасында тәрбиеленуіне, мемлекеттік көмектің берілуіне, тұрғын үйге ие болуына, қоғамдық өмірге араласуына т.б. кепілдік береді.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан 15 халықаралық құжатты ратификациялады, оның біріншісі Бала құқықтары туралы конвенция болды. Оның барлық баптары бүгінде елдің заңнамалық актілеріне енгізілген. Балалардың құқықтары мен кепілдіктерін реттейтін 45 - тен астам нормативтік құқықтық актілер қабылданды», - делінген кешенді жоспар жобасында.

Балаларды зорлық-зомбылықтан және суицидтің алдын алудан қорғау мақсатында 2020-2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицид мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасы қабылданды.