Еңбек инспекторлары жұмысшылардың 6 млрд теңгеден астам жалақысын өндіріп берді
3 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 915 кәсіпорны 24 мың жұмысшыға 6,2 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады