Демографиялық үрдістер елдің экономикасы мен зейнетақы жүйесіне қандай ықпалын тигізеді

Бүгін, 17:55
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Демографиялық үрдістер елдің экономикасы мен зейнетақы жүйесіне қандай ықпалын тигізеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Әлемдегі демографиялық өзгерістер Қазақстанға да әсер етуде. Халықтың қартаюы мен туу көрсеткішінің төмендеуі елдің экономикасы мен зейнетақы жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізіп отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2025 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқының саны 20,3 млн адамға жетті. Олардың ішінде:

* 25 жасқа дейін - 8,7 млн (42,8%)

* 25 - 64 жас аралығы - 9,7 млн (48,0%)

* 65 жастан жоғары - 1,9 млн (9,2%)

2050 жылға қарай халық саны бұл көрсеткіш 26,3 млн болады деп болжануда.

Жалпы туу коэффициенті (ЖТК)

ЖТК - бұл бір әйелдің ұрпақ әкелу кезеңінде (15 - 50 жас аралығы) туатын орташа бала саны.

* 2021 жылы - 3,32

* 2024 жылы - 2,80

БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 2,42 болады.

Әлеуетті қолдау коэффициенті

Бұл көрсеткіш еңбекке жарамды адамдардың (25 - 64 жас) зейнеткерлерге шаққандағы (65+) қатынасын көрсетеді:

* 2012 жылы - 7,7

* 2024 жылы - 5,2

БЖЗҚ мен БҰҰ болжамдарына сәйкес, 2050 жылы бұл коэффициент 3,4 болады.

Зейнетақы жүйесі

Ынтымақты зейнетақы төлемі жыл сайын азаюда, өйткені ол тек 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша есептеледі. Ал қазіргі қызметкерлер үшін негізгі зейнетақы көзі - БЖЗҚ-ға аударылатын жалақының 10% көлеміндегі міндетті жарналар. Алайда бұл жарналар зейнет жаста лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.

Осыған орай, 2024 жылдан бастап мемлекет жаңа талап енгізді - жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) 1975 жылы және одан кейін туған азаматтар үшін төленеді.

Осылайша бүгінде халықаралық тәжірибеге сай, зейнетақы үшін жауапкершілік мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасында теңдей бөлінеді.